- Негізгі бет
- 22 наурыз 2016
- 22 наурыз. Қызғалдақ...
22 наурыз. Қызғалдақ салаты
Қызғалдақ — көктем мезгілінің бір бөлшегі іспеттес. Онсыз көктемді елестете алмаймыз. Сонымен қатар ол мерекелік дастарқанның да сәнін ашады. Ол үшін төмендегі "Қызғалдақ" салатының дайындалу жолына назар салып өтіңіз. Оны дайындау үшін бізге:
- 5 дана краб таяқшасы (крабовые палочки);
- 16 дана қызанақ (черри);
- 4 жұмыртқа;
- 200 гр ірімшік;
- майонез;
- 1 орама көк пияз (Зеленый лук);
- тұз;
- 2-3 дана сарымсақ (қалауыңыз бойынша) қажет.
Краб таяқшасын (крабовые палочки) үккіштен өткізіңіз.
Пiскен жұмыртқаны да үккіштен өткізіңіз.
Ірімшікті де үккіш көзінен өткізесіз.
Барлығын бір ыдысқа салып, майонез бен шым-шым тұз қосып араластырыңыз. Қалауыңыз бойынша сарымсақты да қоссаңыз болады.
Қызанақты жуып, төртбұрыш (крест) етіп пышақпен жоғары жағынан кесіңіз.
Кiшкентай қасықпен қызанақтың iшiн тазалап алыңыз.
Дайын болған қоспаны қызанақтың iшiне салыңыз.
Көк пизды жуып, тазалап алыңыз.
Көк пияздың үстіне қызанақтарды әр жерiне қойып, астыңғы шетiн көк пиязбен буып, суреттегiдей әсемдеймiз."Қызғалдақ" салаты дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Н. Үсенова