- Негізгі бет
- 22 наурыз 2016
- 22 наурыз. Құттықтау....
22 наурыз. Құттықтау. Тілектер
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ата! Жаңа жыл бақ-береке дарытсын! Халық құрметтеген қария болып, жылдан жылға аман-сау жете беріңіз. Ботаңызды емес, батаңызды алатын немере-шөбереңіз көбейіп, жапырағыңыз желектене жайыла берсін.
Әже! 22 наурыз мейрамы құтты болсын. Ұлыңыз ұяға, қызыңыз қияға қонып, немере-шөбереңізге сүйікті әже болып, ауырмай-сырқамай, арамызда шалқып жүре беріңіз. Наурыздан наурызға аман-есен жеткейсіз!
Әке! Наурыз мейрамыңыз құтты болсын! Жұмысыңыз табысты, ісіңіз берекелі болғай. Анамыз бен біздің қорғанымыз, тірегіміз болып ұзақ жасаңыз! Мерейіңіз үстем болсын!
Анашым! Қазақтың жаңа жылы құтты болсын! Жүзіңіз нұрға, жүрегіңіз шатыққа толы болсын! Көзіңізден тамар жас тек қуаныштан болғай! Ешқашан қартаймай, 60 немеренің әжесі болғанда да дәл қазіргідей сұлу қалпыңызда қала беріңіз.
Жарым! Жаңа жыл бізге құт әкелсін! Арамыздағы сезім мен сыйластыққа селкеу түспей, іргеміз мәңгі бірге болсын! Ұрпағымыз ұсақталмай, айтулы азамат болып өскей!
Бауырым! Ізімнен ерген інім! Соңымды қуған сіңлім! Наурыз мейрамың құтты болсын! Жылдан жылға аман-сау жете бер. Ел сыйлаған айтулы азамат бол! Ата-анамыздың артқан зор сенімін ақтап, тәрбиең мен тағылымыңды оңынан көрсете біл!
Досым! Наурыз мейрамы құтты болсын! Арадағы ыстық ықылас жыл сайын арта түссін! Отбасымызбен, бала-шағамызбен бірге араласатын күйге жетейік! Балаларың көп болсын! Саналы баланың салиқалы анасы (әкесі) бол!
Құрбым! Мейрамыңмен! Екеумізді жалғаған татулық жібі үзілмей, ұзара берсін! Дәл осындай сұлу да сымбатты қалпыңды мәңгі сақтағайсың! Өзіңді бағалайтын, өмір бойы алақанында аялайтын аяулы жарыңды жылдам жолықтырғайсың!
Әріптесім! Ұлыстың Ұлы күні оң болсын! Еткен еңбек, төккен тер ешқашан еш кетпесін! Ешкім көз алартпайтын, қызғаныш танытпайтын бақытты тағдыр бір бойыңа шақтап берсін! Сыйластығымыз сарқылмай, сіз-біз дескен тату тірлігіміз баянды болсын!
@. @assel_assanova