Наурыз мейрамының шығу тарихы

Наурыз мейрамы – әлемнің ең көне мейрамдарының бірі һәм бірегейі. Орта Азия халықтары бес мың жыл бойы тойлап келеді. Наурыз  жыл басы. Парсы тілінде "нау"  "жаңа", "руз"  "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Бұл мейрамның тарихы туралы көптеген пікір айтылып жүр. Бірі парсы патшасы Джамшидпен, бірі Қыдыр атамен, енді бірі Хұт (Үт) құбыжығымен байланыстырып жатады.

Өз елін аралап жүрген парсы патшасы Джамшид Әзірбайжан деген жерге тоқталыпты. Ол уәзірлеріне күнгей жаққа қаратып, үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесімен шағылысқан тақ айналаға ерекше нұр шашыпты. Осыдан соң, ел бұл күнді жаңа жыл есебінде тойлауды дәстүрге айналдырыпты деседі. 

Тәжiк халқында Наурыз мeрeкeсi туралы түрлi аңыз бар. Тәжiк жeрiнe жаңа күн 21 наурызда кeлeдi. Бұл күнi eң қорқынышты саналған Хұт (Үт) құбыжығының өзi көктeмнiң күн нұрына малынған сәулeсiнeн қорқып, Жаңа күнгe жол ашады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды.

Және де бұл мереке XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып, 1700 жылға дейін ежелгі Русь жерінде де тойланып келген. 

Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруз", татарлар "Нардуган", бирмалықтар "Су мейрамы", ежелгі гректер "Патрих", хорезмдіктер "Наусарджи", буряттар "Сагаан сара", армяндар "Навасарди", чуваштар "Норис ояхе", соғдылықтар "Наусарыз",  татарлар "Нардуган" деп атайды екен.

Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде кездеседі. 

Өз фольклорымызда "Жануарлардың жыл басына таласуы" деген ертегінің барын білеміз. Тышқан ептілігінің арқасында күнді көріп, "Жыл басы" атанады. Дәл сол күн Жылдың басы деп есептелген екен дейді. Осы күнді ұлттық мейрам Наурызбен де астастырып жатамыз.

Хакім Абай "Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын сонау "хибаги", "хүзағи" деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін "Ұлыстың Ұлы күні" дейді екен", - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, оның көктем мерекесі екенін ашық жазады да, "Ұлыстың Ұлы күні" деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.

Ендеше, тарихының тамыры тым тереңде болған, ата-бабамыздан аманат болып қалған Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын.


Сурет: pp.vk.me, api.ning.com