Қазақ халқы атадан аманат болып қалған салты мен дәстүріне ешқашан қиянат жасамаған. Санасында сақтап, берік ұстаған. Екінші буынға аманат етіп жеткізген. Наурыз мейрамы да -халқымыздың көнеден келе жатқан жаңа жылы. Ендеше, осы күні орындалатын жөн-жосықтар мен әдет-ғұрыптарды бір еске түсірейік.
• Ұлыстың ұлы күнінде халық үйде отырмайды, далаға, көшеге шығады, бой көтереді, барлық адамға құтты
болсын айтады, шат- шадыманға араласады. Наурыз жырын айтады.
• Әр үй наурыз көже дайындайды, онда құттықтауға келгендер ауыз тиеді, бата береді, тілек тілейді.
• Бұрын қателік жасағандар кешірім сұрайды, екіншісі кешірім жасап, табысады.
• Ренжіскендер татуласады, қол алысады, бірін-бірі үйіне шақырады, дәм татады.
• Үйді, қораны, даланы алдына ала тазартады.
• Бойын да, ойын да, ниетін де таза ұстайды.
• Ешкімді ренжітпейді және біреумен ренжіспейді, қатты сөз айтпайды.
• Малды және тағы басқа жануарды ұрмайды, зекімейді.
• Дала құстарына, наурыз көже жем шашады.
• Бұлақ көзін ашады, оның маңайын тазартады.
• Жастарды әдепке, тәртіпке, ұлттық салт-санаға үйретеді.
• Бұл күні жұмыс істемейді, сауда жасамайды.
• Көшіп- қонбайды, сапарға шықпайды.
• Шаш, тырнақ алмайды, кір жумайды.
• Ақсақал мен әжелерге, ата-аналарына барып сәлем береді, құтттықтайды, сый ұсынады, «белкөтерер» апарады, батасын алады.
• Әр адам алған қарызын осы күнге дейін қайтаруға тырысады.
• Жаңа немесе таза киім киеді.
• Кездескен барлық адамға жақсы көзбен қарайды, сәлемдеседі, жылы сөйлеседі.
• Үйдегі, даладағы мүліктер мен дүниелерді шаң-тозаңнан арылтып, тазартып қояды.
• Тозығы жеткен киімдер мен ескі, бүлінген заттардан құтылады.
• Ағашқа, өсімдіктерге су құяды.
• Ағаш, гүл отырғызады.
• Дәмді, тәтті жеңсік астар әзірлейді, ішімдік ішейді.
• Алыс-жақындағы туыс-туған, ілік, жұрағаттарға, сыйласқан кісілерге құттықтау, сәлем жолдайды, сәлемдеме жібереді.
• Қара шаңыраққа сәлем береді, сыбаға апарады.
• Алдымен құдайы көршіге кіріп, құттықтайды.
• Үйге келген адамды қуанышты жүзбен қарсы алады, дастарханға шақырады.
• Жетімдер мен панасыздарға, ауру-сырқау мен мүгедектерге көмек көрсетеді, қайырымдылық жасайды.
• Бұл күні таза әрі бүтін ыдыстарды пайдаланады.
• Наурыз күні тек жақсы жаңалықтарды ғана таратады, жамандықты айтпайды. Ұлыстың ұлы күні туғандарға • Наурызға байланысты ат қояды.
• Наурыз күні туған төлді «төл басы» деп атайды.
• Наурыз күні әр үйді қыдыр ата аралайды, бақыт сыйлайды, бата береді.
Сурет: www.kazenergy.com