Наурыз мейрамында әрбір отбасы наурыз көже дайындауды міндет деп санайды. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде дайындалатын ұлттық тағамның бұл түріне 7 түрлі азықтық қосылады. Еліміздің әр өңірінде оның құрамы әртүрлі. Алматы қаласының тұрғындары Наурыз көжені қалай дайындайды екен? Видеодан көрелік!