Құрметті оқырман! Қазақтың жаңа жылы да күн санап жақындап келеді. Осыған орай сайтымызда бәйге ұйымдастырамыз.
Қазақ – ерекше халық екеніне сан түрлі дәлел бар. Ол бауырмалдық, қонақжайлық, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымы, салт-дәстүрді сақтау секілді қасиеттер. Сонымен қатар жыл сайын 22 Наурыз мейрамын халық жұмыла тойлап, көже дайындап, бауырсақ пісіріп, қонақ күтеді. Олай болса, әз Наурызды жақсылап күтіп алайық!
Массагет сайты оқырмандар арасында ұлттық бәйге жариялайды. Бәйгенің басты шарты – ұлттық киіммен суретке түсу. Қазақтың тамаша ұлттық киімдері кез келген шетелдік адамды тамсандырады. Өзінің әдемілігімен, ою-өрнектің үйлесімділігімен таңғалдыратын киім үлгісін бүгінде табу қиын емес.
Бәйгенің шарттары:
- ұлттық киімді киіп, суретке түсу;
- сурет сапалы болуы керек;
- «пейзажды» сурет болуы керек, яғни артқы «фон» қаңырап тұрмауы қажет;
- суретті 20 наурызға дейін жіберу керек;
- суретті massaget.kz@gmail.com электрондық поштасына «Наурыз» тақырыбымен жолдау керек.
Тақырыптан ауытқымай, белгілі бір көріністі бейнелеймін десеңіз, нұр үстіне нұр болар еді. Ең үздік суреттерді Массагет сайтының тілшілері таңдап, бағалайды. Нәтижесінде 3 жеңімпаз анықталады.
Қазақтың басты мейрамдарының бірі – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді қолдап, белсенді қатысатыныңызға үміттенеміз.
Бәйгенің жеңімпаздары – арнайы сыйлыққа ие болады.
Сұрақ, сауалдарыңызды төмендегі пікір жазатын алаңға жазып (алдымен тіркеліңіз), жауап алыңыз.
Сурет: ©Talgat Baycooloff