Әз Наурызды тек біздің ел емес, басқа да түркі халықтары тойлап, мерекелейді. Григориан күнтізбесінен тыс түркі халықтарының Жаңа жылы 22 наурыздан бастау алады деген тарихи дерек бар.
Еліміз егемендігін алғаннан бері Наурыз мейрамын тұрақты тойлап келеді. Бұл мейрамда наурыз көже жасалып, бауырсақ, ет пісіріліп, киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылады. Қыс кетіп, жер көгеріп, халық "ұйқыдан тұрғандай" күйде болады. Көңіл-күй де жақсарып, мереке сезіле бастайды.
Наурыз мейрамының басты тағамы - көже. Көже бізден басқа өзге елдерде де дайындалады.
Қырғызстан. Қырғыз елі де «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» атты ұлттық тағамын дайындап, аулаға шығып, ұлттық киімдерін киіп, мереке-сайран құрады.
Иран. Ирандықтар Наурыз мерекесін бірнеше күн тойлайды екен. Олар аулаға от жағып, оған май құяды. Жеті ақ кесемен ұлттық көжесі "сумалакты" қонақтарға ұсынады.
Түркия. Түріктер мейрамға 2 аптадай уақыт қалғанда бидай өсіріп, "сумаляк" ұлттық тағамын дайындайды. Ирандықтар секілді олар да от жағады. Сол оттан адам 7 рет аттап секіруі керек.
Әзірбайжан. Бұл халық мейрам күні дастарханға 7 тағамнан жасалатын көже дайындайды. Ол сумах, скэд (сүт), сирке (сірке), сэмени (бидайдан жасалған ботқа), сабзи (шөп) және т.б. тағамнан жасалады.
Түрікменстан. Түркмендердің дастарханында міндетті түрде 7 тағамнан тұратын көже болады. Олар: сипанд (рута дәні), себ, (алма), сиахдане (қара дәнектер), санджид (жабайы зәйтүн), сирке (сірке), сир (сарымсақ) және сабзи (бидай).
Орта Азия. Орта Азия елдерінде Наурызда міндетті түрде палау жасалады. Және сумаляк пен гуджа атты тағам да болады.
Ауғанстан. Ауғанстанда әулеттің әйелдер қауымы жиналып сумаляк дайындайды. Көже дайындау бастаңғыға айналып, әңгіме-дүкен, шай ішуге ұласады. Солай түнді өткеріп, таңертең сумалякты таратады.
Міне, шет елдерде де Наурыз көже дайындаудың зор маңызы бар екенін білдік. Ал сіз наурыз көже дайындай аласыз ба? Оған қандай тағамдар пайдаланасыз?
Сурет: kerekinfo.kz, azattyq.org