Қазақ халқының төл мерекесі Наурыз мейрамы – көне заманнан бері келе жатқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың Ұлы күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі. Әз Наурызда бүкіл әлемде қуаныш, шаттық және бейбітшілік орнайды. Күннің тұтылуы Григориан күнтізбесі бойынша ескіше 9 наурыз күні, ал жаңаша 21-інен 22-іне қараған түніне сәйкес келеді. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды.
Қыдыр – адам бейнелі «әулие», адамзатқа «қамқоршы», «дәулет» беруші. Қыдыр ата ол мұсылман халықтарына тән. Діни наным-сенім бойынша әрбір нәрсенің иесі бар. Мәселен, «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі - Қыдыр.
Қыдыр (Қызыр) ата - бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып батасын береді. Міне, сондықтан, әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» түні деп аталады.
Сонымен қатар Аяз ата түсінігі де бар, ол – өзінің аты айтып тұрғандай аяздың, суықтың, қыстың билеуші. Аяз атаның Трескун, Позвизд, Карачун секілді балама атаулары бар. Аяз ата – адамдар Жаңа жыл мерекесін тойламай жатып пайда болған кейіпкер. Осыдан сандаған жыл бұрын ежелгі адамдар өлген адамдардың рухы тайпаларын жаман нәрселерден аман сақтап қалады деп сенген. Осыған орай отбасы мүшелері оларға алғыс ретінде аздаған сыйлықтар дайындаған. Бүкіл ауыл болып тойлаған. Ауыл жастары сол түні әртүрлі бетперде мен киімдер киіп көшеге шыққан. Ал үлкендер Аяз атаға арнап тағамдар пісірген.
Пайдаланған дереккөздер: қазақша уикипедия
Сурет:www.gde.kg