Құрметті оқырман, 24 ақпан күні сайтымызда байқау жарияланған еді. Оқырмандарымыздың суреттері іріктеліп, байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Массагет сайты оқырмандар арасында ұлттық байқау жариялаған еді. Байқаудың басты шарты – ұлттық киіммен суретке түсу. Қазақтың тамаша ұлттық киімдері кез келген шетелдік адамды тамсандырады. Өзінің әдемілігімен, ою-өрнектің үйлесімділігімен таңғалдыратын киім үлгісін бүгінде табу қиын емес.
Поштамызға әртүрлі суреттер келіп, шартқа сәйкес іріктелді. Байқауға қатысқан суреттерді 2 топтамаға бөліп жарияладық:
1-топтама
2-топтама
Бұл байқаудың 3 жеңімпазы анықталды:
Рысгүл Рамазанова
Мария Рысқұлбекова
Сапарғали Қанат
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, уәде еткеніміздей, қанжығаларына сайтымыздың арнайы сыйлықтарын байлаймыз.
Жеңімпаздар, сыйлықты алу үшін +7 707 22 777 36 нөмеріне хабарласыңыз.
Қазақтың басты мейрамдарының бірі – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді қолдап, белсенділік танытып, қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз!
Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын!
Сурет: Роман Еникеев