22 наурыз. Фотосуреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

22 наурыз. Фотосуреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Құрметті оқырман, 24 ақпан күні сайтымызда байқау жарияланған еді. Оқырмандарымыздың суреттері іріктеліп, байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Массагет сайты оқырмандар арасында ұлттық байқау жариялаған еді. Байқаудың басты шарты – ұлттық киіммен суретке түсу. Қазақтың тамаша ұлттық киімдері кез келген шетелдік адамды тамсандырады. Өзінің әдемілігімен, ою-өрнектің үйлесімділігімен таңғалдыратын киім үлгісін бүгінде табу қиын емес.

Поштамызға әртүрлі суреттер келіп, шартқа сәйкес іріктелді. Байқауға қатысқан суреттерді 2 топтамаға бөліп жарияладық:

1-топтама

2-топтама

Бұл байқаудың 3 жеңімпазы анықталды:

Рысгүл Рамазанова

Мария Рысқұлбекова

Сапарғали Қанат

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, уәде еткеніміздей, қанжығаларына сайтымыздың арнайы сыйлықтарын байлаймыз. 

Жеңімпаздар, сыйлықты алу үшін +7 707 22 777 36 нөмеріне хабарласыңыз.

Қазақтың басты мейрамдарының бірі – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді қолдап, белсенділік танытып, қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз!

Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

Сурет: Роман Еникеев

Ф. Абилова