- Негізгі бет
- НАУРЫЗ 2012
- Жылқы тұқымдары...
Жылқы тұқымдары
22 наурыз келді дегенше, бәйге, көкпардың дүбірлі додасы келді дей беріңіз. Оған себеп бар. Қаймана қазақтың жылқы десе, аузындағы асын тастайтыны бәріне аян. Оның ішінде "таза қанды" жылқыларға деген ықыласын сөзбен жеткізу тіптен қиын. 22 наурызда өтетін бәйгеге қазақ атын жыл бойы баптаған. Күнделікті тірліктің өзінде жылқы десе, бес жасар баладан бастап, елу жасар қартқа дейін құлағы елең ете қалады. Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет. Ендеше, жылқы тұқымының топтамасына назар салыңыз.
Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім.
Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар.
Ахалтеке тұқымы. Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың өз алдына сүйікті жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ, б.ғ.д. III-IY ғасырларда пайда болған.
Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді. 1935 жыдары түрікмен салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.
Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ, кез келген ауа райына төтеп береді. Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.
Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді. Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" - "араб жылқыларының буданы" дейді.
Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан. Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.
Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.
Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.
"Таза қанды" салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.
Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда пайда болған. Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады: Германияда - тракенен, мекленбург, ганновер, Венгрияда - фуриозо, нордстрад, нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.
Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады. Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде еркеліктері шектен шығады екен. КСРО- ның, Қазақстанның, Грузияның, Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.
Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады. Казак шаруалары Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.
Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да төзімділік көрсете алады. Тамақтану жағынан қолайсыздық алып келмейді.
Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.
Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, омыраулы, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ. 1946 жылы Сальск-Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен.
Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина, Александрвск зауыттары осы тұқымды ойлап тапты.
Бұл жылқылардың бойлары, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қазақ тұқымы. Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.
Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.
Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының дон, орлов, т.б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.
Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т.б.с.с.
Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда ерекше көзге түседі. Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.
Суреттер: egida.by, infofermer.ru, zoovet.ru, kohuku.ru, abthorses.ru, liveinternet.ru, imgsprak.com
Л. Лига