22 наурыз Алматыда

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын ерекше көңілкүймен атап өтіп, ұмытылмас күн біраз уақытқа дейін естерінде сақталатыны сөзсіз. Алматы қаласындағы "Астана" алаңында ұйымдастырылған мейрамға бірнеше мың адам қатысты. Назарларыңызға көңілді мейрамнан фоторепортажды ұсынамыз.

Алаңға кірген беттегі шөптен жасалып әрленген НАУРЫЗ сөзі барлық келген адамдарды қызықтырды.

 

"Астана" алаңына бүгін көп адам келді. Біреулер сүйіктісімен, біреулер жанұясымен.

Алаңға керек десеңіз көршіміз Қытайдан да келгендер бар. Бірінші суреттегі қытай қыздары ұлттық киімдегі атамен суретке түсті. Екінші суреттегі қытайлық азаматтар сахнада өтіп жатқан Қаражорға биін қызығушылықпен көруде

Киіз үйлер тігіліп, әр адам өз өнерін көрсетуде. Біреулер домбыра тартса, екіншісі сырнайда ойнауда. 

 

Киіз үй іштерінде әр түрлі ою-өрнекпен нақышталып істелген заттардың көрмесі өтті.

Біреулер күштерін сынап, арқан тартыс жарысына қатысса, енді біреулері "үш табан" асық ойнында шеберліктерін көрсетуде. Тоғызқұмалақ ойынының ойыншылары да назардан тыс қалмады.

 

Алып денелі жігіттер де білектегі күштерін салып, жүзден жүйрік атану үшін барын салып жатыр.

Ересектер мен кішкентай бүлдіршіндер үшін түрлі түрлі қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Бәрі де көңілді, кішкентайлардың жүздерінен күлкі кетпеді.

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын Алматы тұрғындары мен қонақтары өте көңілді өткізіп, мейрамның ерекше көңілді сезіміне бөленді. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!