- Негізгі бет
- НАУРЫЗ 2014
- Түркияның Конья...
Түркияның Конья қаласында Наурыз мейрамы тойланды (Фото)
Бауырлас түрік елі Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Конья қаласында өткен мерекелік шараға Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі, қала басшылығы және жергілікті қазақ диаспорасы мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.
Конья қаласы Түркиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған аймақтардың бірі. Сол себепті Наурыз мерекесі осымен екінші жыл қатарынан осы қалада өтіп отыр.
Мерекелік шара кіріспесінде Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінен және жергілікті басшылық тарапынан арнайы адамдар сөз сөйлеп, құттықтау тілегін жеткізді. Кеш одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Мерекеге бауырлас Ноғай халқының әйгілі әншісі, композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Арсланбек Сұлтанбеков арнайы қатысып, ән шырқады. Екі шәкіртімен қосыла шырқаған Арсланбек Сұлтанбековтің өнеріне халық ерекше ықылас танытты.
Сондай-ақ, қазақ, түрік жастары ән шырқап, би билеп, кеш сәнін келтіре түсті.
Назарларыңызға мерекелік кештен фоторепортаж ұсынамыз:
Мерекелік шараның көрігін қыздырған - әнші Арсланбек Сұлтанбеков.
Қазақ жігіттерінің орындауында «Қара жорға» биі.
Конья төрінде «Мен қазақпын!» әні шырқалып жатқан сәт.
Анкарадағы Гази университетінің студенті Дәмелі Біләлова «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындады.
Арнайы Массагет үшін Конья қаласынан: Шерхан Талапұлы
Суреттерді түсірген: Шерхан Талапұлы
Ш. Талап