Астаналық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды

Астанадағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Сәулебек Әлиден халықаралық аренада ғылыми олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті.

Астаналық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түскен. Мықты бәсекеге қарамастан, астаналық оқушы өзінің үздік білімін дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сәулебек Әлиденнің ұстазы Эльмира Қажекенова шәкіртінің ғылыми қабілетін дамытуда ұтымды әдістер қолданып, оқушымен тығыз жұмыс істеген.

Мектеп әкімшілігі оның жетекшілігімен оқушы химия саласының тереңіне үңіліп, олимпиадаға мұқият дайындалып, үздік нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Айта кетейік, СОРЕRNICUS олимпиадасы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша Америка Құрама Штаттарының Хьюстон қаласында өтті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!