22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңарады. Табиғатқа жан бітіп, тал-теректер бүршiк жарады. Кең даламызды Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпырып, бел-белестерге қызылды-жасылды гүлдерден тоқылған кiлем төселедi. Мерекені қарсы алатын түркі халықтары жетi түрлi дәмнен наурызкөже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, барлығы да ауызбiршiлiкте болады. Ұлыстың Ұлы күнінде мейраммен қатар бойжеткендер мен бозбалалардың бір-біріне деген сезімдерін сыйлық арқылы көрсетуге мүмкіндік туады. Бозбалалар сүйген аруларына «селтеткізер» жасаса, бойжеткендер жүрегінің патшасына айналған жігіттерге ұйықтап қалмауы үшін «ұйқыашар» тағамын дайындайды. Селтеткізер дегеніміз – жас жігіттің көңілі қалаған бойжеткенге есте қаларлықтай ерекше сый ұсынуы. Өз кезегінде жігіттердің осы ойын сезген қыздар қауымы ерекше сыйға тәнті болып «селт» етеді. Сондықтан да бұл сый "селтеткізер" деп аталған. Бүгінгі аналарымыз бен қыздарымыздың талғамы өзгеше. Олай болса бұл мерекеде не сыйлауға болатынын «Есімде қалған Наурыз» оқиғасының желісі арқылы меңзеп жіберейік:
Дастан жастайынан сурет салады. Мұнымен қатар туған өлкесінің табиғатын, халқының қым-қуат тіршілігін суретке түсіргенді ұнатады.
Күндегі әдетінше қолына фотоаппаратын алып жан-жағын бағдарлап тұрғанда объективіне іліккен сұлу қызды көреді.
Сыңғырлаған күлкісіне тәнті болып суретке де түсіріп алады.
Соңынан ұзақ қарайды.
Артынша өзіне ұнап қалған бойжеткенмен танысуға әрекет жасайды.
Танысып, телефон нөмірін алады.
Кездесуге уәделеседі.
Алматының жауһарына айналған жерлерге қыдырып барады.
Арада біраз уақыт өткен соң 22 наурыз мерекесі де келеді.
Екеуі сауда дүкендеріне барып туғандарына сыйлық таңдайды.
Сүйіктісінің талғамына сәйкес алтын сағат алады.
Қарындасына қазақы оюы бар мойын орағышты жөн көреді.
Анасына жаулық пен қамзол алады.
Әпкесіне маржан тастардан жасалған алқа сатып алады.
Әжесіне күміс білезік таңдайды.
Қымызды жақсы көретін әкесіне торсықты лайық көреді.
Өзінен кіші бауырына қамшы.
Мұнымен қатар Дастан өзінің отбасына ғана алып қоймай, өзге де жігіттер қауымына кеңес ұсынады.
Аналарға - жіңішке күміс білезік.
Әжелерімізге қалың етіп жасалған түрін ұсынады.
Жас қыздарға - қолдан тоқылған шамбала білезігі.
Сәнқой қыздарға - түрлі-түсті тастары бар білезік.
Орта жастағы әйел адамдарға - ақ маржан білезігі.
Жас қыздарға - сырға.
Техниканы жақсы көретін адамдарға - ұялы телефон.
Фильмді ұнататын жандарға - фильм дискісі.
Әуен тыңдауды ұнататын жандарға - құлаққап.
Ұзақ уақытқа сақталатын сыйлықтарды жақсы көретіндерге - сувенир.
Тағам жасауды ұнататын аналарымызға - әйнек ыдыс.
Аспаздықты ұнататын жеңгелерімізге - таба.
Жасы кіші іні-қарындастарымызға - ойыншықтар.
Кез келген сыйлықтың жанына гүл мен тәтті шоколадтар қосуды ұмытпаңыз.
Дастан мен Диляра сыйлықтарды сатып алған соң екеуі ең алғаш кездескен вокзалда қыдырып жүреді.
Қыдырып жүргендерінде Диляраның ұстазы телефон шалып Алматыдан мектепте өтуі тиіс наурыз мерекесіне қажет жабдықтарды әкелуін өтінеді.
Диляра ертесінде жолға шықты.
Арада бірнеше күн өтті.
Бірнеше күннен соң қайтып келген Диляраны ешкім күтіп алмады.
Дастанға сеніп ата-анасы да күтіп алуға бармаған еді. Артынша таксиге отырып, үйіне жалғыз қайтты.
Мереке қарсаңында үлкен қыздарына көрпе тігіп отырған анасы қызының көңіл-күйі болмай отырғанын бірден білді.
Мән-жайды сұрап: "Дастанның түсіндіре алмай қалған тығыз шаруалары болған шығар. Ұлыстың ұлы мерекесінің қарсаңында араздасуға болмайды, татуласыңдар", - деп, оны қаласа кешкі асқа ертіп келуге болатындығын айтты.
Бұл кезде Дастан сабағына түнімен дайындалып ұйықтап қалған еді.
Кешіккенін біле салысымен сыйлықтарын алып Диляраға жүгірді.
Екеуі ең алғаш кездескен жерінде жолығып, қайта табысты.
Асханаға кіріп бір-біріне мән-жайды түсіндірді.
Дастан мен Диляра осыған дейін алдын ала сатып алған сыйлықтарын жанұя мүшелеріне табыстады.
Дастан мен Диляра және Мassaget.kz порталы халқымызды төл мереке – 22 наурызбен құттықтай отырып, денсаулық, барша отбасыға береке, махаббат тілейді! Және ең бастысы шын жүрекпен берілген сыйлықтан артығы болмайтынын біле жүріңіз.
22 наурыз мерекесіне қыздар сыйлық таңдайды
Дайындаған және суретке түсірген: Қарлыға Бүйенбай