22 наурыз мерекесі қарсаңында жас әнші Айгерім Қалмұратованың асханасында қонақта болдық. Он саусағынан өнер тамған өнерлі бойжеткен "Рахат-лукум" аталатын тәттіні дайындау мәзірін ұсынады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RL5TFHB7HlQ&feature","width":"450","height":"350"});
Құрамы:
Сұлы жармасы Грек жаңғағы Қант Шие шырыны Ванилин Қант ұнтағы
1 стақан қантты шұңғыл кәстролге салып, үстіне дәл сол мөлшерде су құясыз.
Енді бір стақан шие шырынын құясыз, бұл тәттіге түс беру үшін қажет. Егер сары түсті "Рахат-лукумды" қаласаңыз, апельсин шырынын құйыңыз.
Енді жаңғақты ұсақтау керек.
Қант әбден еріп, су қайнағанда үгітілген жаңғақты саласыз.
Жаңғақты салғаннан кейін 1 минут өтісімен жарманы салыңыз да, 2-3 қалта ванилин қосыңыз. Барлығын қоюлатылғанша қайнатасыз.
Жалпақ әрі шұңғыл ыдысқа қант ұнтағын сеуіп, дайын болған қоспаны саласыз. Аздап суыған соң тоңазытқышқа 1 сағатқа қалдырып қойыңыз. Қатқан тәттіні өзіңіз қалаған пішін бойынша кесесіз.
"Рахат Лукум" дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Қалмұратова және Айгерім Сматуллаева