22 наурыз мерекесі қарсаңында жас әнші Айгерім Қалмұратованың асханасында қонақта болдық. Он саусағынан өнер тамған өнерлі бойжеткен "Рахат-лукум" аталатын тәттіні дайындау мәзірін ұсынады.
| Құрамы:
|
| 1 стақан қантты шұңғыл кәстролге салып, үстіне дәл сол мөлшерде су құясыз. |
| Енді бір стақан шие шырынын құясыз, бұл тәттіге түс беру үшін қажет. Егер сары түсті "Рахат-лукумды" қаласаңыз, апельсин шырынын құйыңыз. |
| Енді жаңғақты ұсақтау керек. |
| Қант әбден еріп, су қайнағанда үгітілген жаңғақты саласыз. |
| Жаңғақты салғаннан кейін 1 минут өтісімен жарманы салыңыз да, 2-3 қалта ванилин қосыңыз. Барлығын қоюлатылғанша қайнатасыз. |
| Жалпақ әрі шұңғыл ыдысқа қант ұнтағын сеуіп, дайын болған қоспаны саласыз. Аздап суыған соң тоңазытқышқа 1 сағатқа қалдырып қойыңыз. Қатқан тәттіні өзіңіз қалаған пішін бойынша кесесіз. |
"Рахат Лукум" дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Қалмұратова және Айгерім Сматуллаева
Р. Роза