Наурыздың Алматыда тойлануы

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз Алматыда керемет тойланды. Дәстүр бойынша, қала тұрғындары мен қонақтары осындай мерекелерде баратын сүйікті жеріне айналған "Астана алаңы" халыққа толды.

Ауа-райының бұзылғанына қарамастан, алаңға әжептеуір халық жиналды. Бұл жерде мерекелік концерт, ұлттық ойындар және әрине Наурыз көжеден дәм тату ұйымдастырылды.


Наурыз көжесін пісіріп, сатып жатқан саудагерлер де аз болмады. Бағалары 100-200 теңгенің шамасында.

Алаңға келген әр адам Наурыз көжесінен дәм татпай қайтпады.

Ұлтты ойын - асық ойнатылған жерде жігіттер көптеп жиналды.

Ал алтыбақан бүлдіршіндерге қызық болды.

Ал мына шарға отырып, байланған жіпте ұшып көру нағыз ерекше ойындардың бірі болды.

Наурыз құтты болсын!

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова