«ҚР-дағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, ҚР-да мемлекеттік мереке болып табылатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады.
Заңның 3 бабына сәйкес, мемлекеттік мереке - Наурыз мейрамы Қазақстанда наурыздың 21-інен бастап 23-іне дейін атап өтіледі. Мереке күні 23 наурыздан дүйсенбі - 25 наурызға ауыстырылады.
«Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады», - делінген «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңның 5 бабында.
Осылайша, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар наурыздың 21-інен 25-іне дейін, яғни 5 күн демалатын болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook.com