Лондонда Наурыз мерекесі тойланды

Кеше, яғни, 27-наурыз күні Лондондағы «Westminster Hall» сарайында "Болашақ" бағдарламасының 20 жылдығының аясында Наурыз мерекесі тойланды. Бұл туралы bnews.kz хабарлады.

Шара ұйымдастырушысы ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениет ұйымы. Айта кетелік, жиынға 2 мыңға жуық адам жиналды.

Шарада, сонымен қатар, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген өкілдер келіп қатысты.

Бұндай көлемде Наурыз мерекесі бірінші рет тойланып отыр. Мерекелік шараға қатысушыларға қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті туралы айтылды.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bnews.kz