Қазақтың маусымға қарай көші-қоны

Қазақтың маусымға қарай көші-қоны

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс сынды жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты өз шаруашылығының, малының күйісі мен жағдайына қарай қоныс ауыстырып отырған. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе қазақ ауылдары наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізеді.
Жайлау қыстаудың алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, әрі, түнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті жасыл пүліс сияқты қүлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Ал көктеу қонысында мал төлдетеді. Көктеуге әдетте жылы, жауын-шашыны көп бола бермейтін, малдың төлі түрлі жұттарға аз ұшырайтын ойпаң қоныс таңдалады. Күзеуде қазақ малдың семірген тұсын көздеп базарға жақын жақтарға, өз тұрмысының ыңғайына қарай қоныс тауып отыра берген. 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kazak.ts.cn

M. Auelkhan