- Негізгі бет
- НАУРЫЗ 2013
- Дулат Исабеков: "Наурыз...
Дулат Исабеков: "Наурыз - философиялық жаңғыру"
Дулат Исабеков, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
- 22 наурыз құтты болсын! Мен бұл мейрамды жалпы жұрт сияқты дүрмек емес, өз-өзіме есеп беру ретінде қарсы аламын. Нағыз жаңа жыл осы. Жер-әлемнің жаңаруы, құстардың келуі, адамның жаңаруы, ескі киімді тастау, күннің жылынуы, ауа-райының жақсаруы – осы. Абай айтқандай, «Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі». Міне, осы бір мезгілде өмір сүріп жүргеніңе қуанасың. Барлық қайғы-ренішті ұмытып, келесіге аман-есен жетсең екен дейсің. Мұқағалидың сөзі еске түседі: «Көгереді... Барлығы көгереді: Ой да, қыр да, даланың төбелері». Соған жетсек екен деймін. Кім біледі, осыны ойлап қана қуанасың, тыныштық болса екен дейсің. Мен үшін нағыз жаңа жыл осы. Балаларыма да, немерелеріме де осыны айтамын. Наурыз философиялық жаңғыру, жаңару, ескіні ұмыту, жаңаға ұмтылу. Адамның негізгі мақсаты жақсылыққа ұмтылу болса, сол жақсылық нышандарын көктем құсы әкеледі. Мерекелі, берекелі, байыпты болсын. Жақсылық болсын деп тілеймін.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
А. Құлтай