Астанада 22 наурызда бірнеше көше жабылады

Астанада 22 наурызда бірнеше көше жабылады

2013 жылы 22 наурыз күні "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Тәуелсіздік даңғылы, Сарайшық және Сығанақ көшелері жабылады. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп отыр. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Таңғы сағат 8.00-ден бастап мереке аяқталғанға дейін төмендегі көшелер толығымен жабылады:

- Тәуелсіздік даңғылы Р.Қошқарбаев (Сарайшық) көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін;

- Байтұрсынов көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

- Сарайшық көшесі М1-ден Обаған көшесіне дейін;

- Сығанақ көшесі М3-тен Обаған көшесіне дейін", - делінген таратылған ақпаратта.

"Күндіз Наурыз мерекесі өтетін уақытта тұрғындар мен қонақтар Орынбор көшесімен айналып өтуі тиіс. Қазақ елі монументінің айналасында автокөліктер жиналмауы үшін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз", - деді Астана қаласы ЖПБ бастығының орынбасары Қали Аймағамбетов.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: apozh.kz

Massaget