Алматы қаласы 22 наурыз мерекесін қарсы алуға дайын деуге болады. Бүгін мен мерекеге дайындықтың куәсі болып қайттым. Фотоаппаратты қолға алып, ҚазҰУ-дан Астана алаңына (ескі алаң) дейін жаяулатып қала көшелерінің дайындығын байқадым. Тимирязев көшесінен Байтұрсынов көшесіне түстім. Тып-тыныш. Қыбырлап жүрген жандардың наурызда шаруасы жоқтай. "Promenadе" сауда үйінде наурызға байланысты жаңалық бар ма екен деп соға кетіп едім, босқа уақыт жіберіппін. Жаңа жылымызды ұмытқан ба, қайдам...
Абай көшесінен мына тақташаларды көргенімде шын қуандым
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан да мерекенің иісі сезіліп тұрды
Абай көшесінен Абылайхан көшесіне бұрылып, Астана алаңына қарай тартып бара жатқанымда мына мекемелерге көзім түсті
Ескі алаңның көлеңкесі көрінісімен фотоаппаратым дамылсыз шытырлады кеп...
Мерекені ұйымдастырушылар қызу жұмыс үстінде
Астана алаңында 22 наурызда өтетін мерекелік концертте мына бүлдіршіндер "Наурыз" биін билейді екен. Менің өтінішім бойынша Массагет сайтының оқырмандарына дайындықтарының ойдағыдай екендігін дәлелдеп берді
Ұлттық саймандарымыз да мерекеге сақадай сай екен
Біз тек дайын концертті ғана тамашалап жүр екенбіз. Оған дейін талай жанның қара тері төгіледі екен ғой...
Жаңа жыл құт-береке әкелсін, ағайын!
Автор: Ақерке Әбілхан