22 Наурыз. Мәзір: Қуырдақ

Қуырдақ  - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Қала жағдайында қарапайым ас үйде қуырдақты қалай жасауға болады?

Құрамы: 

бауыр еті - 500гр; өкпе, жүрек - 300гр; құйрық май - 150 гр; картоп - 5-6 дана; пияз - 1 дана. Қызған қазанға құйрық майды шыжғыртамыз. Жүрек, өкпе етін қуырмаыз. 5 минуттан кейін бауыр етін қосамыз. Тұздап, араластырамыз. Тағы да 5 минут қуырып, туралған пияз қосамыз. Сорпа не су қосамыз. Сорпаның тұзын тексереміз. Бір қайнағаннан кейін туралған картопты қосамыз. Отты басып, бұқтырып қоямыз. Қуырдақ дайын. Астарыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова