22 наурыз. Астаналықтар жарық шоуына куә болады

22 наурыз. Астаналықтар жарық шоуына куә болады

22 наурыз мейрамы мерекесі қарсаңында Астанада жарық шашу шоуы көрсетілетін болады. Төрт бельгиялық суретші оны ғажайып әлемге біріктіріп, OVO – мультисенсорлық көркем инсталляцияны дүниеге әкелген. Ұжымның туындыларын осы уақытқа дейін АҚШ, Бельгия және басқа да мемлекеттердің көрермендері тамашалап үлгерді. Енді бұл шоуды елордалықтар 2013 жылдың 20 наурызында 21.00-де "Ғашықтар" алаңында көре алады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Odebois компаниясының мүсіншілері Мостафа Хади мен Пол Марчандисе о баста терең қиялдап, "алтын қима" негізінде монументальды ағаш жұмыртқа жасады. ACT lightning design-нан  жарық беруші суретші Курт Вермюлен мен сценографшы  Маркос Виналс Бассолс анимациялық және динамикалық жарық түсіріп, бұл пішінге "жан бітірді".

Бельгиялық суретшілердің жұмыстарындағы бір ерекшелігі жарықты қолданыстағы сәулетпен өте тиімді әрі керемет үйлестіре білуінде. "Біз қазіргі кезде өте сирек кездесетін материалдарды, жаңа үлгілерді және технологияларды тәжірибеден өткізіп жатырмыз. Өз арамыздағы дағдылар үйлесімділігін нығайта отырып, көркемдік тәжірибемізді дамытуға, өнер туындылары мен сәулет жобаларын жасау кезінде жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді", - деді Курт Вермюлен.

Таңғажайып қойылым өзінің әсемдігімен көрермендерді таңқалдырары сөзсіз. Саңлақ дизайнердің шығармашылығы, сәулет жобаларының табиғаты мен жаңашылдықтарын қабылдау шеберлігі мен қиялы нақты, шынайы әрі техникалық тұрғыдан бірегей туындыны дүниеге әкелуге қабілетті.

"Жарық шашу шоуы – 22 наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты іс-шаралардың бастамасы ғана. Биылғы жылы Астананың 15 жылдығы қарсаңында, Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мейрамын тойлау үшін Астанаға республиканың барлық өңірлерінен қонақтар келеді. Киіз үйлер тігіледі. Қонақтар қалада серуен құрып, таңғажайып шоулар мен қойылымдарға куә болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Әкімшіліктің баспасөз қызметі

Massaget