22 наурыз. Бата бере аласыз ба?

 22 наурыз. Бата бере аласыз ба?

Келіп жеткен 22 наурыз мерекесі құтты болсын!!! Ағайынмен көрісіп, ас үстінде көңіл босатысып жатқанда әр қазақтың бата берер сәті туады. Әсіресе, бір үйдің қонағы болып отырсаңыз. Ендеше, жаттап алуға тұрарлық баталар.

Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын,
Аққуларың ұяда болсын, 
Ауыл-аймақ, 
Бота, тайлақ, 
Үй-жамағат –
Бәрі түгел аман болсын, 
Кейінгіге береке берсін!
Алғанда аз да болса көптей көр, 
Бергенде көлдей бол. 
Жарылқасын құдайым,
Тартпасын халық уайым. 
Бай қылсын, 
Төрт ТҮЛІКТІ сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін, 
Отауыңа сәулет берсін.
Ұлыс КҮНІ қазан толса, 
Осы жыл ақ мол болар!

* * * *

Күндерің - күміс болсын!

түндерің - пұлыш болсын!

Қыдырдың бірі дарып,

үйіңе ұлыс қонсын!

Замана - құбылмалы,

дүние тыныш болсын!

Ақыл - дос!

ашу - дұшпан!

Көңіл-күй дұрыс болсын!

жиналмай дастарқаның

Үстіне - ырыс толсын!

әумин!

* * * *

Берекеміз қашпасын,

Белімізді ешкім баспасын,

Адал жан болып астасың...

Арыңды күлдей шашпасын.

Бақыт болса бастасың,

Тірлікте түзу жол тапсақ,

Тәңірім берер басқасын.

Әумин!

* * * *

Әумин десең маған,

Берейін бата саған.

Қатарыңның алды бол

Тең құрбыңның туы бол.

Қайырлы болсын ұлыс күн,

Орындалсын ойлар

Гүлге толсын өңір

Көңілді өтсін өмір.

Асқа толсын табақ.

Ашық болсын қабақ.

Бола берсін тойлар!!!

* * * *

Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Жорытқанның жолын бер.

Қыздың қылығын бер,

Судың тұнығын бер,

Асаудың арынын бер,

Түнгі оттың жарығын бер.

Асқар таудың паңдығын бер,

Бұлбұл құстың таңғы үнін бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдің нәзіктігін бер.

Теңіздің тереңдігін бер,

Қыранның көрегендігін бер.

Ердің көңілін бер,

Бүркіттің жігерін бер.

Лашынның жүрегін бер,

Нағыз достың тілегін бер.

Мәңгі-бақи ажырамас,

Шын ғашықтың тілегін бер!

Әумин!

* * * *

Құтты болсын Жаңа жыл!

Басталды бугін мереке.

Жана жылда тілейміз,

Халқымызға молшылық.

Жеріміз биыл көркейіп,

Болсын дейік молшылық.

Бақыт қонып еліме,

Жауын жауып жеріме,

Аулақ болсын қуаншылық.

 Бәле-жала алыстап,

Қауіп-қатер қалыс қап,

Ортақ дінде бас қосып,

Барша ұлттың баласы,

Көтерілсін қарыштап.

сурет:мұрағаттан

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига