Сезімін білдіру заңы Ерлер әйелдерге көңілін білдіруде тас үгітіп, тау қопарғандай ақ тер, көк тер болады. Мұны бірнеше жыл жігіт пен қыз боп кездесіп жүргеннен кейін де үйленуге ұсыныс жасауда аса қобалжуынан байқауға болады. Ал қыздар жігітке бір наз қылығымен-ақ тұспал тастай алады. Сөйте тұра, көп жағдайда жігіттер сүйгенін алады да, қыздар сүйгеніне жете алмай қала береді. Сынау заңы Жігіттер қыздарға алыс сапарға алып шығу арқылы сынақ жүргізеді, мұнда оның беймәлім көп қыры ашылуы мүмкін. Ал қыздар болса. кездесуге әдейі кешігіп бару арқылы жігітті сынайды, осылайша оның төзімділігін және өзінің ерке-назына төзетінін тексереді. Сөз заңы Көп жағдайда ерлер ішімдік ішкеннен кейін, әйел заты некеге отырғаннан кейін сөзі көбейеді. Сүйіспеншілік заңы Жігіттер шын ғашық болса, бар ақылын іске қосады. Ал ғашықтықтан ақылынан адасты деген сөз қыздарға арналған. Жүрек жаулау заңы Жігіттердің қызды қолға түсіретін маңызды қармағы майда тілі болса, қыздардың басты қаруы тартымды түрі. Ниет заңыЕрлерге махаббат неке үшін, ал әйелдерге неке махаббат үшін керек. Лайықтылық заңы Ер адам азып-тозып жүрсе, Әйелі қайда қарап отыр екен дейді, ал әйел адам салдыр-салақ көрінсе, Жолдасы бақытсыз екен дейді. Уақыт заңы Ер адамдар тез арада жүрек жаулап, сезімге берілгісі келеді, нәзік жандылар байыппен баурап алып, алаңсыз махаббатқа бөленгісі келеді. Алғашқы сезім заңы Жігіттер алғашқы махаббатына қол жеткізуді қалайды, қыздар жігітінің соңғы сүйген жары болғысы келеді.