Махаббат әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты. Абай Құнанбайұлы Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма? Ілияс Есенберлин Махаббат па?Махаббат болған еді.Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,Тапты да, түсірді ғой торға мені.Мұқағали Мақатаев Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Әзілхан Нұршайықов Махаббатқа дүниеде ештеңе қарсы тұра алмайды. Сайын Мұратбеков Махаббаттың өзі екі адам ғана бөлісетін нәрсе ғой. Одан көбейсе махаббат болудан қалады. Қабдеш Жұмаділов Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сыйыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып, шыдайды. Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді. Сәбит Мұқанов Иманым да, арым да шын махаббат. Бернияз Күлеев Махаббат тақырыбы үлкен тактыны, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақылық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат. Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да абырой әпермейді. Қадыр Мырза Әли Махаббаттың таңданам ғажабына,Оны тіпті жеңбеген ажалың да. Ақұштап Бақтыгереева Махаббат, жастар айтпақшы, құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир Махаббат күн сайын дәлелдеуді талап ететін теория. Архимед Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш. Эмпедокл Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей Махаббат саңырау еститін, соқыр көретін қасиет. Д.Уилдмон Махаббат адасу... бір қыздың өзгелерден өзгешелеу секілді болып көрінуі. Генри Менкен