- Негізгі бет
- 15 сәуір – 2018
- Ғашықтар күніне арналған...
Ғашықтар күніне арналған мәзір
Алда келе жатқан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні кең көлемде аталып өтпесе де, соңғы жылдары ғашықтардың күтетін мерекесіне айналды. Бұл күні сүйіктісін қуантып, бір-біріне сыйлықтарын ұсынып, жай ғана бірге қол ұстасып серуендеудің өзі сүйіспеншіліктің маңызды дәлелі бола алады. Сонымен қатар сүйіктіңізге арнайы жүрек формасында әзірлеген «Ғашықтар» салаты да бұл күннің есте қаларлықтай болуына септігін тигізеді. Оны әзірлеу үшін:
- 500 г тауық еті;
- 4 піскен жұмыртқа;
- 100 г ірімшік;
- 2 қайнатылған картоп;
- 2 қайнатылған сәбіз;
- 4-5 ас қасық майонез;
- тұз қажет.
Қайнатылған картоптан жүректің пішінін жасаңыз.
Аздап майонез жағып, қайнатылған тауық етін үстіне қойып шығасыз.
Үстіне майонез жағасыз.
Үккіштен өткізілген ірімшікті, одан соң жұмыртқаның сарысын себесіз.
Үстіне майонез жағасыз.
Жұмыртқаның ағын үккіштен өткізіп, үстіне сеуіп шығасыз.
Үккіштен өткізілген сәбізбен жүрек формасын жасайсыз.
Қалауыңыз бойынша салатты ас көкпен, көк пиязбен немесе анар жемісінің дәндерімен сәндеуіңізге болады.
Дайын болған «Ғашықтар» салатын тоңазытқышқа жарты сағатқа салып, кешкі дастарқанға қойсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Н. Үсенова