Сыйлық беру адамдарды бір-біріне жақындата түсетін жағымды әрекет. Оның басты себебі бағасында емес, сыйлық берушінің зейіні мен қамқорында болып тұр. Басқалар секілді ғашықтардың да бір-біріне сыйлық беруі сезімдерін берік ете түсіреді. Ғашығыңызға тосынсый жасауға бір идея ұсынамыз. Ол үшін сізге 1 киндер сюрприз тәттісі, шағын парақ пен қалам, кішкентай сыйлық қажет. Бұл сыйлық жасау кезінде ұқыптылық пен шыдамдылық қажет. Киндер сюрприздің сыртын жыртып алмай абайлап ашамыз. Киндердің ішіндегі шоколадты да сындырып алмай абайлап ашуымыз керек. Ол үшін шоколадтың жабысқан жеріндегі сызықтың бойын пышақпен жайлап кесіп шығамыз. Сол кезде шоколад екіге оңай бөлінеді. Параққа сүйіктіңізді қуантатын, күлдіртетін сөздер жазуға болады. Бір парақ хат жазуға да болады. Оны бүктесеңіз, жұмыртқаға сыяды. Хаттың жанына сақина секілді сыйлық салуға да болады. Хат салынған жұмыртқаны шоколадқа саламыз. Шоколад бір-біріне қайтадан жабысуы үшін пышақты қайнаған суға салып, шоколадқа жайлап тигіземіз. Сыртына қайтадан қағазын жабыстырамыз. Аздап білініп тұр деп қорықпаңыз, себебі тосынсый күтпеген адам оның сыртына мән бере қоймайды.Үлкен киндер жасау да қиын емес. Оны мына жерден көре аласыздар.