Сезім, махаббат, адалдық... Бұл ұғымдарды бозбала мен бойжеткен әртүрлі сезінеді. Махаббат күнінің қарсаңында жігіттер қауымы ақ адал сезімге қаншалықты берік екенін білуге болады. Олай болса, сәттілік!
1. Сүйіктім мені жақсы түсінеді.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
2. Ол менің балажан екенімді жиі айтады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
3. Білімге тым қатты беріліп кеткенімді айтады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
4. Ол маған сенім артады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
5. Сүйіктім өте қызғаншақ.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
6. Кейде бір жерге қыдыруға өзі де ұсыныс жасайды.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
7. Менің қамқорлығымды ұнатады. Кейде қатты ашулансам да, көтереді.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
8. Маған сынды көп айтады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
9. Ол мені (сыныптас) группалас қыздарымнан қызғанбайды.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
10. Маған жиі ашуланады.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
11. Мен кейде оған өтірік айтамын.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
12. Ол менің әдемі екенімді жиі айтады.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
13. Көңіл-күйімді көрсете алмайтындығымды айтып ренжиді.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
14. Жанымда жүрген достарымды ұнатпайды.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
15. Жігіт болсам да, кейде еркелеймін. Ол да мені өз кезегінде еркелетеді.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
16. Көпшіліктің ортасында тұрып, өзіме сенімсіздік танытқан кезде ол маған ренжиді.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
17. Қызым менің романтик болғанымды қалайды.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
18. Менің қызығушылығыма құрметпен қарайды.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
19. Оның көңілінен толықтай шықпайтынымды сеземін.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
20. Ол бос уақытының бәрін маған арнайды.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
21. Менің кемшіліктерімді бетіме жиі басады.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
22. Ол маған не істеу керектігін үнемі айтып отырады.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
23. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз оған ұнайды.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
24. Менің қызым қамқорлық танытады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
25. Ол мені осы қалпымда қабылдайды.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
26. Көрген жерде ата-анама құрмет көрсетеді.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
27. Телефонмен қайда жүргенін сұрап мазасын алатынымды ұнатады.
А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0
28. Ол мені өзгелердің алдында ұятқа қалдырады.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ
29. Менің достарымның жанында өзін жайлы сезінеді.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
30. Оған ұнамаған іс-әрекеттерді жасағанымда кешірім сұрағанымды қалайды.
А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1
Тест нәтижесі:
26-30 ұпай: Сіздер бір-біріңізді өте жақсы түсінесіздер. Қызыңыз сізді сүйеді әрі осы қалпыңызда қабылдайды. Махаббаттарыңыз мәңгілік десе де болады.
21-25 ұпай: Сезімдеріңізде махаббат оты әлі де маздап тұр деуге болады. Алайда сүйіктіңізге қамқорлық таныту үнемі қолыңыздан келе бермейді. Жалпы қарым-қатынастарыңызды сақтап қалуға болады.
16-20 ұпай: Қызыңыз сізге сенбейді. Мүмкін сізді жоғалтып аламын деп қорқатын болар. Соңғы кездері оған қатысты жасап жүрген іс-әрекеттеріңізді ойға алыңыз. Мүмкін тұтанбас сезімнен жалыққан шығарсыздар. Олай болса уақытты өткізбей, қарым-қатынастарыңызды үзгендеріңіз дұрыс.
15 ұпайдан төмен. Осы уақытқа дейін қанша қызбен жүрсеңіз де, олардың бірін де сүймегенсіз. Сізге ғашық болып үйрену керек.