Сезімге адалсыз ба?

Сезімге селкеу түссе, сол қайғы... Ақ адал сезімге тозаң қонса, махаббат – махаббат болудан қалады. Сүйіктіңізге деген пәк ниетіңіз, махаббатыңыз қалай көрініс табады? Тест көмегімен анықтап көріңіз.

1. Менің сүйіктім маған жиі ашуланады. 

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

2. Жігітім жеке қызығушылықтарыма құрметпен қарайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

3. Ол біздің мінезіміз әртүрлі екендігін жиі айтады.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

4. Оған менің сыртқы келбетім ұнайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

5. Ол мені сөзсіз түсінеді.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

6. Оған менің құрбыларым ұнамайды.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

7. Кейде өзімді оған лайық емес сезінемін.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

8. Ол менің қателіктерімді үнемі кешіреді.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

9. Ол менің өзіне тәуелді болғанымды қалайды.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

10. Ол мені тым романтик деп ойлайды.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

11. Ол мені осы қалпымда қабылдайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

12. Ол кейде мені мазақтайды.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

13. Менің шешімдерім мен әрекеттерімді үнемі қолдай бермейді.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

14. Оған біздің осы қарым-қатынасымыз ұнайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

15. Ол менің өзіне тең болғанымды қалайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

16. Жігітім өзінің шешімі үнемі дұрыс бола бермейтінін мойындайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

17. Ол мені тек ғашығы ғана емес, құдды досындай көреді.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

18. Ол мені өзге жігіттерден қызғанбайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

19. Мен кейде оны достарыммен таныстыруға ұяламын.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

20. Менің жеке пікірім болғанын қалайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

21. Жігітім кейде менің кемшіліктерімді достарына айтады.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

22. Ол мені барлық досынан қызғанады.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

23. Сүйіктім маған толықтай сенеді.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

24. Ол менің өте білімді болғанымды қалайды.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

25. Жігітім мені жоғары бағалайды.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

26. Ол менің армандарымды құрметтейді. Қолынан келсе, орындалуына атсалысады.

А) Ия – 1
Ә) Жоқ – 0

27. Оған менің тәуелсіздігім ұнайды. Қыз баласының жігітінің айтқанымен жүргенін ұнатпайды.

А) Ия 
Ә) Жоқ – 0

28. Ол мені жиі ренжітеді.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ 

29. Себебі жоқ болса да, қызғаншақ.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

30. Мен қиялындағы аруға сәйкес келмейтін сияқтымын.

А) Ия – 0
Ә) Жоқ – 1

Жинаған ұпайларды қағазға жазып, есептеңіз.

Қорытынды:

26-30 ұпай. Сіздердің қарым-қатынастарыңыз өте жақсы. Ол сізді шын сүйеді. Сіз үшін отқа түсіп, суға батуға дайын. Бұдан да баянды махаббат күтіп тұр.

21-25 ұпай. Оның сізді бағалайтынын білсеңіз де, қарым-қатынастарыңыз мінсіз деп айту өте қиын. Кейде араларыңызда түсініспеушілік орын алып отырады. Алайда мұның барлығы махаббаттарыңыздың баянды болуына кедергі келтіре алмайды. Бар болғаны уақыт өте келе ашық сөйлесіп, мәселелерді ортақ талқылап үйренгендеріңіз жөн. Қызғаныш пен ренішті іште жасырып жүре берудің еш қажеті жоқ.

16-20 ұпай. Сіз оның сізге деген шынайы махаббатына сенбейсіз. Сенбеуіңіздің де себебі бар. Жиі салқынқандық танытады. Онымен осы тақырыптың төңірегінде сөйлесіп көргеніңіз жөн шығар.

15 ұпайдан төмен. Жігітіңіздің жанында өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Араларыңызда түсініспеушілік орын алған. Сонымен қатар сезімдеріңіз де сөнген. Мұндай жағдайда махаббат сезімінің аман қалуы екі талай.