15 сәуір – махаббат күні қарсаңында әлемдегі ең ұлы сезім туралы қанатты сөздерді ұсынып отырмыз. Ұлыларың сөзі мәңгілік, соның ішінде махаббат жайы пайымдары ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл қазына. Әлемнің көркі – махаббат, сүйіп көрмеген, сүйікті бола алмаған жанның жүрегі қаһарлы қыстай қатып тұрады. Жүрекке махаббат сезімі қонақтағанда, адам баласы өзгеріп, айналасына нұр шашып, бақытқа бөленеді. Махаббат дегеніміз – бақыттың екінші атауы.
Сонымен тарихта аты қалған аңыз тұлғалар махаббатты қалай түсінген екен? Бірге оқиық.
Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай
Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз дара ұғым. Оралхан Бөкей
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады. Әзілхан Нұршайықов
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме! Мұхтар Шаханов
Шын махаббат қайтарым талап етпейді. Махатма Ганди
Махаббат деген адамдардың бір-біріне қарауы емес, сүю – екі адамның бір бағытқа қарауы. Антуан де Сент-Экзюпери
Сүю дегеніміз – салыстырмау. Бернар Грассе
Сүю деген – басқа ешкім көре алмайтын таңғажайыпты көру. Франсуа Мориак
Шын махаббат елеске ұқсайды, ол туралы бәрі айтып жүрсе де, көргендер аз. Франсуа Ларошфуко
Махаббат адасу сезіміне құрылған, құдды бір әйел екіншісінен өзгешеленетіндей. Генри Луис Менкен
Егер екі адам бір-бірін сүйсе, соңы бақытты аяқталуы мүмкін емес. Эрнест Хемингуэй
Сенімен бірге өмір сүре алмаймын, сенсіз де өмір сүруім қиын. Марциал
Махаббат майданында жеңімпаз жоқ, жәбірленуші бар. Веселин Георгиев
Адам өзінің алғашқы махаббатына үнемі қайтып оралады. Шарль Этьен
Бір көргеннен ғашық болған адамдардың махаббатын түсіну қиын емес, бір-бірін үнемі көріп жүріп ғашық болатын жандардың сезімін қалай түсінуге болады? Лоренс Питер
Ол он жыл бұрын құлай сүйген осынау әйелді енді сүймейді. Әйел де өзгерді, өзі де өзгерді. Ол жас болды, әйел де сондай еді: ал қазір мүлдем басқаша. Әйел өзгермеген болса, оны әлі де сүйер ме еді, кім білсін?! Блез Паскаль
Махаббатсыз әлем терезенің артындағы жел сияқты, оны не жұта алмайсың, не ұстай алмайсың. Харуки Мураками
Қызғаншақ адам өз әйелінен емес, шын мәнінде өз-өзінен күдіктенеді. Оноре де Бальзак
Басқа адамның жүрегін жаулаудың ең дұрыс жолы – оған өз махаббатыңды сыйлау. Жан-Жак Руссо
Махаббат артынан қуған адамнан қашады, өзінен қашқан адамды қуады. Уильям Шекспир
Бір күні көшеден ғашық бейбақты кездестірдім. Басына ескі қалпақ, үстіне жыртық пальто, аяғына алба-жұлба етік киген оның жүрегі жұлдыздай жанып тұрды. Виктор Гюго
Өзің сүймейтін жанның қасында еркін жүргенше, жүрегің қалаған адамның құлы болған артық. Эрик Берн