Махаббат жайлы ой толғап, махаббат жайлы жыр жазбаған жан баласы кемде-кем. Себебі, махаббат – өмірдің өлең жыры, жарық күні.
Махабатта – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Бұл тақырыпта қазақ зиялылары да қалам тербеген. Назарларыңызға солардың бір топтамасын ұсынамыз.
****
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Абай Құнанбаев
****
Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім.
Абай Құнанбаев
****
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
Міржақып Дулатов
****
Жаңа ғашық болған шағыңда ой да жаңғырған тәрізденеді.
Мұхтар Әуезов
****
Сүйген шақта біздің ақылсызданып, ақымақ болып кететініміз де болады.
Мұхтар Әуезов
****
Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сиыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да «риза болып шыдайды». Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді.
Сәбит Мұқанов
****
Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.
Ғабит Мүсірепов
****
Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
****
Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.
Ілияс Есенберлин
****
Махаббатта тұрақсыз болу – үлкен күнә.
Ілияс Есенберлин
****
Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
Әзілхан Нұршайықов
****
Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.
Оралхан Бөкей