Жастар үлгі тұтатын жандардың бірі – спортшылар. Олардың өмірлік ұстанымдары мен жеткен жетістіктері, ақыл-кеңестерінің өзі бір төбе. Ал қоғамдағы ісі үлгі-өнеге болса, отбасылық өмірі тәлім-тәрбиеге жетелейді. Олардың Отанға деген, спортқа деген, жарына деген, отбасына деген махаббаттары қашан да биік. Олай болса, 15 сәуір – Ғашықтар мерекесі қарсаңында қазақ спортшылары сүйген сұлуларды таныстыра кетпекпіз.
Ума Смақова
Отбасыларыңызды сақтаңыздар. Отбасынсыз, бала-шағасыз ер адам – ешкім емес. Олар үшін бәріне де даяр болыңыз. Отбасыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз. @Самат Смақов
Әйгерім Асқарова
Балаларым спортпен шұғылданса қарсы болмаймын. Қазірдің өзінде бойларынан спортқа бейімдігін байқаймын. Қызымызды гимнастика үйірмесіне бердік. Бокста көрдік, енді гимнастикадан да қазақтың қызы абыройымызды асырса дейміз. @Олжас Сәттібаев
Мөлдір Сәпиева
Менің әйелім – басты қолдаушым, сүйенішім. Әрі менің басты – арқасүйерім. @Серік Сәпиев
Айжан Кебіспаева
Қазақта "Отан отбасынан басталады" деген әдемі сөз бар. Демек, отбасында балаға дұрыс тәрбие беріп, оған ерекше көңіл бөліну керек. @Алмат Кебіспаев
Әйгерім Ыстыбаева
Отбасыңның жанында болғанға не жетсін?! Спортта физикалық дайындық қана емес, отбасыңның қолдауы, жеңіске деген жігер керек. Үйден алыста жүргенде оларды уайымдайсың. Ауырып қалмады ма екен деп ойлайсың. Үйдің бар ауыртпашылығын, тірлігін әйел адамға тастап кетуге болмайды. Қайда барсам да, көбіне өзіммен бірге отбасымды алып жүремін. @ Бейбіт Ыстыбаев
Елена Павлова
Мен бала-шағамның жақсы азамат болғанын қалаймын. Олар өмірдегі жолын өздері таңдайтын болады. Спортқа бар деп айтпаймын. Тек жол көрсетемін... @Асхат Жіткеев
Спортшылардың отбасы жайлы ойлары БАҚ беттеріндегі сұхбаттарынан алынды