- Негізгі бет
- 15 сәуір 2017
- XX ғасырдың махаббат...
XX ғасырдың махаббат туралы үздік әні – Yesterday (The Beatles)
Yesterday (Кеше) – аңызға айналған The Beatles тобының әйгілі әні. 1965 жылы жарық көрген. Авторы – Пол Маккартни. Yesterday әні АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және тағы басқа елдердің хит шерулерінде бірінші орын алған ән, әлі күнге дейін өте танымал. 1999 жылға дейін аталған ән радио мен телеарналардан 7 миллион рет тыңдалған! Сапаршы мен тыңдарман пікіріне, әннің сатылым деңгейіне байланысты Yesterday XX ғасырдың үздік әні ретінде мойындалды.
Пол Маккартнидің айтуынша, әннің әуенін ол түсінде естіген. Ояна салып, осы әуенді бір жерден естігендей күй кешкен. Help фильмінің түсірілімінде Маккартни түсірілім алаңындағы фортепианоға отырып, әнді ойнай бастаған. Ән ойнап отырғанда, әнге сөз де ойлап тапқысы келген. Режиссер Полдың бұл қылығын ұнатпай, егер ойнауын тоқтатпаса, аспапты алдыртып тастайтынын айтқан. Джон Леннон бұл әннің осылайша толық жарыққа шықпай бірнеше ай бойы мида ғана қалып қойғанын айтады. Әннің аты да жоқ еді. Маккартни мен Леннон әнді бір атпен атағылары келген, бірақ жөнді атау таппай қойған.
Әннің соңғы, толық нұсқасын Маккартни 1965 жылдың мамыр айында Португалияда жазып біткен. Ол "-эй" қосымшасымен бітетін сөздердің ұйқасқа жақсы келетінін байқап (say, nay, today, away, play, stay), yesterday сөзін есіне түсірген. Suddenly сөзін де есіне алып, осы екі сөзге ұйқас құра бастаған. Айдың аяғында Лиссабонға ұшып келіп The Shadows тобынан гитара сұрап алып тартып, әнді толық жазып шыққан. 2013 жылдың қыркүйегінде Пол Маккартни бұл әнді өзі 14 жасқа толғанда о дүниеге аттанған анасына жазғанын кейін түсінгенін баяндаған.
Yesterday әні – жер бетіндегі бүкіл ғашықтың бойтұмарына, жаттап айтатын әніне айналған мәртебесі жоғары, бітімі бөлек әуен. Біз әнді қазақ тіліне аударып, Массагет.кз оқырмандарына ұсынып отырмыз! Махаббат күні қарсаңында әйгілі әнді тағы бір мәрте тыңдаңыз...
Yesterday
Yesterday,
All my troubles seemed so far away
Now it looks as though they're here to stay
Oh, I believe in yesterday
Suddenly,
I'm not half the man I used to be
There's a shadow hanging over me
Oh, yesterday came suddenly
Why she had to go I don't know,
She wouldn't say
I said something wrong,
Now I long for yesterday
Yesterday,
Love was such an easy game to play
Now I need a place to hide away
Oh, I believe in yesterday
Why she had to go I don't know,
She wouldn't say
I said something wrong,
Now I long for yesterday
Yesterday,
Love was such an easy game to play
Now I need a place to hide away
Oh, I believe in yesterday
Yesterday (қазақша аударма)