- Негізгі бет
- 15 сәуір 2016
- Махаббат жорамалы -...
Махаббат жорамалы - 2016
Тәтті болашақ туралы ойда жазылған ертегінің шындыққа айналуы – әркімнің өз қолында.
Тоқты
Өткен жылға қарағанда биылғы жылы жүректің талабы ауырлай түседі. Мамыр айының соңында Тоқтыларда осы мәселеге байланысты бір жеке әңгіме туады. Бұл әңгіменің соңғы шешімін өздері табады, бірақ ұзақ ойлануға, нақтырақ айтқанда, жаз бойы ойлануға туралы келеді. Сүйіктісі жанынан жырақтағанын қаламайтын Тоқтылар өз көңілін де жиі көрсетуі тиіс.
Торпақ
Көктем және күз айлары Торпақтар үшін романтикаға толы болмақ. Ойға келмеген тосынсыйлар көбейіп, қуанышты жаңалықтар жиі естілетін болады. Көктемде жаңа таныстық пайда болады. Қыс айларында танысқан достарымен жазда қарым-қатынас үзіп алмауы керек. Жұлдыздар күзді жалғыз күтіп алуға тыйым салады.
Егіздер
Егіздер естеліктерге, ескі суреттерге қарай береді, яғни, артта қалған тәтті сезімдерді қайтадан оралтқысы келеді. Өткен шақта дос болып қалған адамдар бұл жылы басқаша сезімді бастан кешеді. Мүмкін, бұл сағыныштан болар, бірақ, сол кезде не үшін айырлысқанын еске түсіріп, бұл сағыныштың алдамауын қадалағау керек. Күз айында жаңа махаббат хикаясының беті ашылса, өткен қателіктерді жібермеуге тырысыңыз.
Шаян
Көп қияладау артық етеді, сөзбен емес, іспен дәлелдейтін адамды кездестірсе, Шаян да өз сезімін іспен дәлелдеу керек. Егер арадағы сезім суығанын байқаса, дереу қателікті түзеуге тырысқан абзал. Өз-өзіне сұрақ қойып, көп мәселенің басын аша алады. Әр ісіне сенімділікпен қарап үйренсе ғана махаббатта жолы болады деп болжайды жұлдыздар.
Арыстан
Жаз айы Арыстандар үшін тәтті естіліктерге айналады. Болашаққа жоспар құрып, үлкен өмірге қадам басудың қамын ойлау керек. Қиындықсыз ешнәрсе болмайтыны белгілі. Тамыз айы махаббат алаңы Арыстандар үшін тосынсыйға толы болмақ, мүмкін, туған күніне орай ойластырылған сый болар. Бақытты болу үшін бір рет тәуекелге бару – кез келгеннің қолынан келе бермейді.
Бикеш
Бикештердің махаббат айдынында толқын туып жатса, оның айдынға әсер етпеуін қадағалау керек. Ғашығын кезіктірмеген Бикештерді жаңа таныстықтар күтеді, ал сүйгенін тапқан Бикештер кім үшін өмір сүріп жүргенін тағы бір мәрте сезінеді. Қыркүйек айында қарым-қатынаста үлкен өзгеріс болады, құштарлық пен махаббатқа толы сезімге бөленіп, келер жылға отбасылық жоспар құрады.
Таразы
2016 жылы Таразыларға махаббат майданында біршама мәселе туындауы мүмкін. Бірақ, өзінің сенімімен барлық мәселені бір өзі-ақ шешеді. Жылдың басы Таразыларға аса әсер етпейді, жаз айында бір жаңалық күтеді. Күз айында Таразылардың махаббатқа деген талабы артады, бұл есейгендікті білдіреді.
Сарышаян
2016 жылы махаббат айдарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Естен шығармау керек дүние: жүрек пен ақылдың ортақ пікірі ғана әрқашан дұрыс шешім болады. Таңдап жүрген Сарышаяндар бұл жылы нақты шешім қабылдауы керек. Айналада болып жатқан оқиғаларға салқынқандылықпен қарап үйренуі тиіс.
Мерген
Алғашқы жартыжылдықта Мергендер өткенге оралғысы келіп, естеліктерге шомылуы мүмкін. Ал екінші жартысында сол естеліктерден қалған көпірді бұзады. Қимастық болатыны сөзсіз. Жүректің үні қалай естілсе, солай болары да анық. Болашаққа, көкжиекке көз тігіп үйрену керек. Ол жақта да ғажайыптар бар.
Тауешкі
2016 жылы Тауешкілер үшін тыныштық жылы. Ғашық Тауешкілер сүйгенімен бақытты өмір сүріп жатса, сүйіктісін кезіктірмеген Тауешкілер келер жылды жалғыз қарсы алмайды. Қарым-қатынас шусыз болмайды, оның шешу жолын екі ғашық қана біледі, бірге шешсе, махаббат бар, егер бір тараптан жауап болмаса, уақытты бос өткізудің қажеті аз.
Суқұйғыш
Кей Суқұйғыштар бұл жылы отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басуды жоспарлап отыр. Айналада болып жатқан оқиғаларды сараптап, барлық іске жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Бұл жылға үміт те көп, үміт бар жерде шыдамдылықтың болуы шарт. Қыркүйек айында көптен күткен арман орындалады деп болжайды жұлдыздар.
Балықтар
Бұл жыл Балықтар үшін ерекше жыл болмақ. Күтпеген тосынсый, көптен күткен мақсат – осы жылдың басты ерекшелігі. Кей Балықтар сезімімен алданып жүрсе, оларға ойлануға әлі мүмкіндік бар. Ал сыңарын тапқандары бақыттың нұрын сезінеді. Тәтті болашақ туралы ойда жазылған ертегінің шындыққа айналуы – әркімнің өз қолында.
Г. Берік