Бүгін елордамыз Астанада Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні атап өтіледі. Ұлттық мереке ғашықтар күнінің баламасы және Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібектің арасындағы шынайы махаббаттың символы. Биыл мереке аясында елордада бірқатар шаралар ұйымдастырылады.
Сағат 11:00 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде театр және кино әртістерінің қатысуымен «Жұлдызды жұптармен жүздесу» кеші өтеді.
Сағат 19:00 «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының «Атриум» залында үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылмақ. Концертке Қазақстан эстрада әншілері қатысып, жас жұбайлардың некесі қиылады.
Сағат 20:00 Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» қойылымы көрсетіледі.
Сағат 21:00 Ғашықтар саябағында әуе шарлары ұшырылады.
Одан басқа, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Ең үздік махаббат дастаны» тақырыбына түсірілген үздік бейнеролик пен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнінің логотипіне байқау жарияланды. Жеңімпаздардың есімдері көп ұзамай белгілі болады.
Дереккөз: astana.gov.kz