Кез келген жұп өз қарым-қатынасын бақытты болуды көздеп бастайды. Олардың шынайы сезімі, адал жүректері ұлы махаббат жолына алып барады. Алайда шынайы өмір өз түзетулерін енгізбей қоймайды. Орны толмас қателіктерді болдырмас үшін махаббат заңын біле жүргеніңіз абзал.
Махаббат. Махаббат – ыстық сезім, бірақ оған ақыл, естілік әмірші болуға тиіс.
Алғашқы махаббат. Мөлдір, кіршіксіз алғашқы махаббаттың алғашқы сәті ынтызарлықтың жоқтығы емес, өзін-өзі көрсетуден сескеніп жатқан ынтызарлық. Алғашқы махаббат осыдан басталады.
Жақсы көру. Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау да бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.
Ғашықтық. Шын ғашық жамандыққа бармайды...
Ғашық жандар. Ғашық адам белгі берер түспен де, ол білінер көзі көзге түскенде.
Сыйластық. Сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету – бұлар өзіңді-өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету болып табылады.
Құлай сүю. Адамды қайғыға да, қуанышқа да бөлейтін махаббат...
Махаббатты сақтау. Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.
Махаббаттың түрі. Қанша бас болса – сонша ақыл болатыны сияқты, қанша жүрек болса – махаббаттың да осынша түрі болады.
Махаббатқа беріктік. Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.
Адал махаббат. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.
Шынайы махаббат. Шын махаббат, шанайы махаббат өтірікпен әсте сиыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да «риза болып шыдайды». Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді.
Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білдіріледі.
Махаббатты қорлау. Өзіне-өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік – махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел.
Тұрақсыздық. Махаббатта тұрақсыз болу – үлкен күнә.