- Негізгі бет
- 15 сәуір 2016
- 15 сәуір. Махаббат...
15 сәуір. Махаббат туралы әзілдер
Үш жасар қыз бен жігіт құммен ойнап отырады. Бала кәмпитін шығарып жейін деп отырса, қыз:
− Кәмпит берші, менде жейін, − дейді. Бала:
− Жоқ, бермеймін.
− Берші, мен сенің бетіңнен сүйемін.
−Не? Онда мүлдем бермеймін. Мені тағы қорқытып қояды ғой өзі!
♥♥♥
Бір жігіт қызға сүйетінін айтып, сезімін білдіріп жатыр.
− Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйемін.
− Ой, қу-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.
♥♥♥
Қыз жігіттен:
− 15 сәріге қандай сыйлық жасайсың?
− Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
− Ал, мен рұқсат бермесем ше?
− Онда сыйлықсыз қаласың.
♥♥♥
− Менің күйеуім біз үйленгеннен кейін бір айдан соң қайтыс болды.
− Жарықтық, көп азап тартпаған екен...
♥♥♥
Қызықты статистика. Қыздарды 15 сәуірмен кімдер құттықтайды:
3% жігіттер;
20% отбасы мүшелері;
77% құрбылары;
♥♥♥
15 сәуір − өткен жылдағы сыйлықтарды еске түсіретін күн.
С. Ерсін