Құрметті Массагет оқырмандары, бәріміз көптен күткен Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні де келді. Барлығыңызды ғашықтар күнімен құттықтай отырып, осы күннің маңызына көңіл қоюды ұсынамыз.
Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі атаулы күн ойлап тапқан.
Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсетсек игі. Бүгінгі таңда әулие Валентин күнін елеусіз қалдыруға тырысып жүрген жандардың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне ойлары қандай екенін сұрадық. Сонымен бұл мерекенің бүгінгі жастар үшін маңызы қандай?