- Негізгі бет
- 15 сәуір 2015
- Сүйіктімізге не сыйлауға...
Сүйіктімізге не сыйлауға болады? (Жігіттерге)
Табиғаттан қыз баласы сезімге бейім болып келеді. Сондықтан олар жігітінің романтик болғанын қалайды. Ал жігіттер әрбір кішкене нарсеге маңыздылық таныта бермейтіндіктен, қыздарын көп қуантуды ойламайды. Дегенмен, сыйлық беру кезінде біршама ойлануға тура келеді-ақ.
Ендеше, 15 сәуір - Ғашықтар күнінде, қыздарға не сыйлауға болады. Әрине, ең бірінші гүл сыйлау әдеткі жағдай. Одан бөлек, оны таңдандыратын тағы бір ерекше зат сыйлауға тырысуыңыз керек. Осы орайда біршама бас қатырып, ұсыныстарымызды беруді жөн көрдік. Қыздарға жігіттің өз қолымен жасалған заттары көп әсер қалдырады. Сондықтан сыйлықты өз қолыңызбен жасағаныңыз дұрыс.
Егер қызыңыз қолөнерді ұнатса, өз қолыңызбен білезік немесе естелік әшекей жасауға тырысыңыз. Бастысы оны өзіңіз жасағаныңыз. Қызыңыз оны жоғары бағалары анық.
Егер қызыңыз ғашықтық хаттарыңызды сүйсе, мейрам қарсаңында әдемі хаттың сыртқабын жасаңыз. Оларды түрлі-түсті қағазбен жасаудың жолдарын ғаламтордан табуға болады. Ал хаттың ішіне де күнделікті хатыңыздан ерекше болатындай, сөйлем жолдарын жазуға мән беріңіз. Тіпті қолыңыздан келсе, көркем сурет салуыңызға да болады. Тек қызыңызды қуанта алуы керек.
Егер қызыңыз поэзияға жақын болса, ғашықтар сезімін шынайы бейнелейтін өлеңдер жолын жаттап, оған әсірелеп оқып беріңіз. Бастысы, өлең оқу кезінде сіздің де көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуын қадағалаңыз.
Егер қызыңыз ән тыңдаудан жалықпайтын болса, екеуіңізге бірдей ұнайтын әнді жаттап алып, оның алдында айтып беріңіз. Сіздің даусыңыз әнге үйлеспесе де мейлі. Маңыздысы, ол сіздің жүрегіңіздегі сезіммен бірге орындалып жатыр. Мұны да қыздар өте жоғары бағалайды. Сөзіме сеніңіз.
Егер қызыңыз тәттіге құмар болса, асхананың байлауышын тағуыңызға тұра келеді. Жігіттің белгілі бір нарсені жасау "қолымнан келмейді" деп айтуы намысына келуі тиіс. Дегенмен, бұл асханадағы жұмысқа қатысты емес, әрине. Сонда да, сүйген қызыңыз үшін бір рет тырысып көргеніңіз жөн. Бастысы көңіл үшін екені есіңізде болсын.
Егер романтикалық кеште сіздің құшағыңызда болуды жақсы көрсе, әдемі музыкалық әуенімен көңіліңізге қуаныш сыйлайтын мейрамханадан екі орынға тапсырыс беріңіз. Мейрамхана қоғамдық жер болса да, көптен аулақта отырғандай, оған жылы сөздер жаудырумен болыңыз. Бастысы көңіл-күйдің көтеріңкі болуы тиіс. Жағымсыз тақырыпта сөз қозғаудан барынша аулақ болу керек.
Мұның бәрі, сіздің жылы сөздеріңізбен жалғасын табуы өте маңызды. Сондықтан жігіттер романтикалық ортаны қалыптастыруға моральды тұрғыдан дайын болып бару керек.
Сурет: amur.kz
Ж. Өрісбай