Френдзонадан қалай шығуға болады?

Көптеген жігіт сүйікті қыздарының жүрегіне жол таба алмай жүреді. Айлар бойы қасында жүріп, жақындасуға талпынған жігіт бәрібір дос ретінде қабылданатынын сезеді.

Қызды көре салысымен ғашық болған жігіт френдзонадан қалай шығарын білмей жүреді. Бұл орайда біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз.

Ең алдымен, френдзона деген не?

Френдзонаның шын достықтан айырмашылығы – екі адам екі түрлі сезімде болады және екінің бірін жағдай еш қынжылтпайды. Әдетте, қызды.

Неге қыз сізді жақындатпайды?

Бұл сұраққа жауап ретінде бірнеше нұсқаны ұсынуға болады:

– Арманындағы ханзада келмеген жағдайда сізбен жұп құрауды жоспарлайды;

– Шынайы әрі пайдалы кеңесті әдетте ер адамдар береді;

– Материалды жағынан «демеуші»: көлігі бар дос кез келген уақытта көмекке келеді.

Френдзонада екеніңді қалай білесің?

Тыңдаңыз

Қыз сізді дос ретінде қабылдайтынынан белгі беретін сөздер бар. Мысалы: «сенімен сырласу маған үлкен көмек береді», «ағамдай/бауырымдай болып кеттің», «сендей жігітім болса ғой».

Анализ жаса

Бастапқы кезде әйел заты болашақ сүйіктісі ретінде көретін ерді дүкенге жұмсап, ұсақ-түйекті алдыртып, үйіндегі жиһазды тасуға көмек сұрауы екіталай.

Батыл болыңыз

Күтпеген жерде оны құшақтап алсаңыз, ол ашуланып, «сөйлесу керектігін» айтады. Сол әңгімеден-ақ өзіңіздің қай «зонада» екеніңізді анықтайсыз.

Тексеріп көріңіз

Кезекті бұйымтайына «жоқ» деп көріп, реакциясын бақылаңыз. Немесе күткіңіз келмесе, оның құрбысымен қалай танысуға болатынын сұраңыз. Содан соң оның сізге деген қарым-қатынасы өзгерді ме? Соны бақылаңыз.

Френдзонадан қалай шығуға болады?

Өзгеру

Күтпеген жерде оны сүйікті мейрамханасына немесе кинотеатрға апарыңыз. Қыздар тосынсыйды жақсы көреді.

Үйрету

Араңыздағы қашықтықты тарылту керек. Ол үшін сәті түскенде құлағының астынан шығып кеткен шашын орнына келтіру, маңдайынан сүю, пальтосының алдын түймелеу, басына бас киім кигізу, қолын сүю сияқты романтикалық сәттерді көбейтіңіз.

Орнына қою

Сүйікті қызыңыздың эгосын орнына қою керек. Оның еркелігін көтере беру үлкен қателік. Айтқанының бәрін орындауды, бұрынғы жігіттері туралы әңгімесін тыңдауды доғарыңыз.

Кездесулерді қысқарту

Кездесулердің жиілігін азайтсаңыз, ол қарым-қатынастарыңызға деген көзқарасын өзгертуі әбден мүмкін. Бұрын шақырған бойда кездесуге келетін жігіт бүгін неге бос емеспін деп әңгімені тез тоқтатты? Мұндай сұрақ кез келген аруды ойландырары сөзсіз.

Маңызды қағида

Қызбен өзіңізді дос емес, нағыз ер ретінде ұстауыңыз керек. Кездесу қалай, қашан және қайда өтеді? Өзіңіз жоспарлаңыз. Гүл шоғы? Міндетті түрде. Көп ойланып, жүрексініп, асыра жоспарлаудың қажеті жоқ.

Батыл болыңыз, іске сәт!

Сурет: ©Григорий Борисов

Ұқсас жазба:

Махаббат теориясы: сүйемін жалғыз өзіңді