Ғашықтар күні қарсаңында ару қаламыздағы романтикалық жерлерді назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.
Көк-Төбе
Қаламызға келген адамның бұл жерге соқпай кетпесі анық. Өйткені арайлы Алматының символын білдіретін алманың да, әсем әндерімен талай жүректерді жаулаған әйгілі «The Beatles» тобының да ескерткіші осында. Сонымен қатар, түрлі ойын-сауық кешені бар. Көк-Төбеге арнайы көліктермен немесе арқан жолмен көтерілесіз.
Тұңғыш Президент саябағы
Бұл саябақ жастардың жиі келетін жері. Қаладағы ең үлкен су атқыштардың бірі де осында орналасқан. Оны арнайы компьютермен басқарып, әр күн сайын ақшам мезгілінде әуезді әндер қосады.
Жұлдызды алаңқай
Бұл жерді "ғашықтар тауы" деп те атайды. Себебі сүйгеніңізбен бірге түнгі қаланың тамаша көрінісі мен жымыңдаған жұлдызды аспанды тамашалай аласыз.
28 панфиловшы атындағы саябақ
Бұл – ертеден келе жатқан саябақтардың біреуі. Аумағы 18 га-ны құрайды. Саябаққа Ұлы Отан соғысында ұмытылмас ерлік көрсеткен батырлардың есімі берілген.
Трамплин
Бұл кешенде 25 метрлік бассейн, сонымен қатар барлық стандартқа сай салынған стадион бар. Таудан соққан самал желдің өзі ерекше әсер қалдырады. Отбасыңызбен бірге демалып қайтуға кеңес береміз.
Горький атындағы орталық саябақ
Қаламыздағы әртүрлі мерекелік шара осы орталық саябақта өтеді. Бұл жерде барлық жастағы адамдарға көңілді уақыт өткізуге болады.
Сурет: baby.ru