Барлығымыз да сүйіктімізді әрдайым қуантуға ынтығамыз. Қуантудың түрлі жолын іздейміз. Біріміз қымбат сыйлық алсақ, екіншіміз қолөнер бұйымдарын ұсынамыз. Өздеріңіз білетіндей, ер-азаматтар дәмді тағам жеуді ұнатады. Сол себепті назарларыңызға ерекше бәліш түрінің жасалуын ұсынамыз. Оны тек қана қыздар емес, жігіт қауымы да жасап көрулеріне болады. Олай болса, іске сәт!
Қажет азық-түліктер:
- 180 мл айран;
- 1,5 стақан ұн;
- 60 грамм сары май;
- 1 ас қасық нан қопсытқыш;
- тұз;
- 500 грамм тауық еті;
- 1 кәді;
- 1 пияз;
- 4 қызанақ;
- 1 ас қасық томат пастасы;
- 1 сәбіз.
1. Алдымен бәліштің қамырын дайындап алайық. Ұнды илеуге ыңғайлы ыдысқа саламыз.
2. Майды барлық бөлігіне жететіндей етіп саламыз.
3. Тек айранмен илейміз. Айранға тұз қосамыз.
4. Барлығын араластырып, жақсылап илейміз. Қамырды сәйі дайын болғанша тоңазытқышқа салып қоямыз.
5. Енді сәйін жасауға кірісеміз. Етті табаға салып қуырамыз.
6. Жақсылап қуырылған соң пияз қосамыз.
7. Сәбізді саламыз.
8. Кәдіні саламыз.
9. Қызанақ қосамыз.
10. Қалауымызша тұз себеміз.
11. Бұрыш себеміз.
12. Бұқтырған соң қызанақ пастасын саламыз.
13. Қамырды жайып, жүрекшелер оямыз.
14. Жүрекшелердің барынша қалың болғаны жөн.
15. Пеш ыдысына салынған қамырдың үстіне сәйін саламыз.
16. Бетіне жүрекшелерді орналастырамыз.
17. Алдымен үлкен көлемдегі жүрекшелерді орналастырғанымыз жөн.
18. Артынша майда жүрекшелерін ашық жерлеріне қоямыз.
19. Пеште 30 минут пісіреміз.
20. 190 градуста пісіргеніміз дұрыс.
21. Осымен сүйіктімізге арналған бәлшіміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Құрметті оқырмандар, мерекелеріңіз құтты болсын! Ғұмырларыңыз ұзақ, махаббаттарыңыз баянды болсын деп тілейміз!
Сурет: Massaget.kz