Елімізде танымал адамдар қатары күн сайын артуда. Оларға қарап көптеген жастар өзіне «кумир» таңдап, еліктейді. Қыз балалар үшін танымал ер адам болашақ жарының «прототипіне» айналса, жігіттер үшін танымал қыздар арманға айналады.
Массагет порталы танымал жігіттердің арасындағы ең сымбатты бестікті ұсынады.
1. Асан Нұрбергенов - "Mezzo" тобының ең жас мүшесі. Асан Маңғыстау облысында туып- өскен. Отбасында спорт бірінші орында тұрғандықтан, жастайынан футболға үйір болған. Алайда дауысының ерекшелігіне қарай музыкалық колледжге оқуға түседі. Асанның баритон дауысы ән сүйер қауымның жүрегін жаулап, құрметіне ие болары сөзсіз.
vk.com
2. Илья Ильин - спортшы, әлем чемпионы. Ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Қазақстан чемпионы. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері. Отандастарымыз Ильяны "ерке бала", "сымбатты жігіт" деп өнеге көріп, мақтан тұтады.
voxpopuli.kz
3. Дастен Шакиров – актер, модель. Дастен "Жаужүрек мың бала", "Бауыржан Момышұлы", "Ғашық жүрек 2", "Махаббатым жүрегімде", "Рекетир 2", "Сыныптастар", "Болашақ", "Достар", Парыз", "Махаббат оазисі" атты фильмдер мен телехикаяларда ойнаған. Сондай-ақ бейнебаяндар мен жарнама роликтеріне де түскен.
news.headline.kz
4. Данияр Елеусінов - боксшы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы (2010, 2014). Қазақстан бойынша талай рет чемпион атанған, халықаралық ойындарда да биік белестерден көрінген Даниярды Қазақстанның ең әдемі, келбетті боксшысы деп атайды. Ал Лондонда өткен олимпиадаға қатысу барысында еуропалық журналистер отандасымызды Олимпиада ойыншыларының арасындағы ең сымбатты жігіт деп атады.
vesti.kz
5. Тәуекел Мүсілім – актер, әнші, модель. Мамандығы бойынша инженер Тәуекел Мүсілім шоу-бизнес әлеміне сіңіп кетті. Қазірде ол "Жаңа күн" бағдарламасының жүргізушісі. Көптеген арулардың арманы болған жігіт көптеген белестерді бағындыруды мақсат етеді. Ән жазып, бейнебаяндар түсіріп, қазақ тілінде сөйлеу арқылы жас қауымды ана тілін құрметтеуге үндейді.
ztb.kz
Басқы сурет: өңделген