15 сәуір. Ғашықтық SMS хаттар

15 сәуір. Ғашықтық SMS хаттар

15 сәуір – Ғашықтар күнінде сүйгеніңізге әдемі SMS жазып бір қуантыңыз. Одан бұрын біз дайындаған хаттар топтамасын бір шолып шығуға кеңес береміз.

***

Бұған дейін өмір әділетсіз деп ойлаушы едім. Бірақ жер бетінде сенің бар екеніңді білгеннен кейін пікірім өзгерді. Өмір – керемет!

***

Өмірде мәңгі ештеңе жоқ десе де, мен оған келіспеймін. Себебі, менің саған деген махаббатым мәңгілік!

***

Өмірде менің ең ұнататын нәрсем – көзімді жұмып алып, сені ойлау.

***

Әркім өмірден өзіне керектісін іздейді. Менің іздеп тапқаным сен болдың.

***

Менің жүрегіме вирус кіріп кетті. Оны ешқандай антивирус емдей алмайды. Ол вирус – саған деген махаббат.

***

Мен арманымның орындалғанын қалаймын. Менің басты арманым – сенімен бірге болу.

***

Мен сені ойлаған сайын бір әсем гүл өсіп шығар болса, бұл әлем баяғыда-ақ гүлге толар еді.

***

Менің өмірімде жақын адамдар өте көп, ал жүрегімде – жалғыз сенсің.

***

Құдай сенсіз өтетін мәңгі өмір сыйлаймын десе, сенімен бірге болар бір сәтті таңдар едім.

***

Дүниеде екі шексіз нәрсе бар. Бірі – ғалам. Екіншісі – менің саған деген махаббатым.

***

Сенімен бірге болудан артық бақыт жоқ, жаным!

***

Сенің ешкімге ұқсамайтын, ерекше сұлу жаныңды сүйемін.

сурет: mixstuff.ru

Н. Айдархан