15 сәуір. Ең үздік махаббат әндері

«Әннің де естісі бар, есері бар» демекші, бүгінгі таңда жүрек пернесін дәл басар түрлі ғашықтық әндер жарыққа шығуда. Сол әндердің арасынан сұрыптап, Массагет ұжымы үздік деген бес әннің ретін шығарды. 

Бірінші орынды "МузАРТ" тобының орындауындағы «Мен сені сүйемін» әні иеленіп отыр. Аталған әнді дауыс берушілердің басым бөлігі тыңдайды екен.

Екінші орын «Орда» тобының бұрынғы мүшесі Дастан Оразбековтың «Жаныңда бірге болу бақыт қандай» атты әніне бұйырды.

Үздік үштікке сөзі мен әуені бір біріне үйлесім тапқан Қанат Үмбетовтың «Мазаламайын» әні енді.

Төртінші орынға эстрада сахнасына шыққанына аз уақыт болса да, тыңдарманның сүйіктісіне айнала білген Серікбол Сайлаубектің «Ой жеңге» әні тұрақтады.

Ал, үздік бестікті енді-енді сахна саңлағына айнала бастаған Нұрым Қуаныштың «Бағыңа бала» атты әуезді әні қорытындылады. 

 Сурет:mobilmuzic.ru