15 сәуір. Байқауға келіп түскен суреттер топтамасы

Сүйіктімізді тосын сыймен қуантып, жылы сөздер айтатын күн де жақындап қалды. Атаулы мерекеге орай Массагет порталы жас жұбайлар арасында бәйге жариялаған болатын.

3 сәуір күні жарияланған байқауға қатысушыларымыз өз суреттерін жолдау үстінде. Қатысамын деушілер 13 сәуірге дейін суреттерін massaget.kz@gmail.com электрондық поштасына «Той үстінде тәтті күндер» тақырыбымен жолдай алады.

Шартқа сәйкес іріктелген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

​Сен мені қолымнан ұстап жетелесең болғаны, қайда баруым маңызды емес.

Неке - беріктік символы

Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы

Нағыз жігіт жарының еркелігін көтере біледі,
Нағыз әйел еріне еркелей біледі.
 
Ильшат+Роза

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.

Сен деп соққан жүрегімнің дүрсілін,
Менен өзге сезе алмайды ешкім де.

Алтынбек+Гүлжан

Неке тортын кескен сәтіміз

Мәңгілік бірге боламыз

Сәбит + Мөлдір

Махаббат - мәңгілік ертегі

Сүйікті оқырмандарымыз, той үстіндегі тәтті күндердің куәсі болған суреттеріңізді асыға күтеміз!

Сурет: ©Vladislav Khorn